АҚШ президенті Трамптың Зеленский туралы мәлімдемелеріне Американың саясаткерлері де жауап беруде. Республикалық партияның өкілі Лоурел Путинді диктатор деп атап, ол АҚШ-тың досы емес екенін айтты, деп жазады Alash.KZ.
Демократ Шумер “Трамптың Украинадан бас тартып, "қылмыскердің" жағына шыққанына таңғалдым”, - деді.
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Пенс бұл соғысты Украина бастамағанын еске салып, әділ бейбітшілікке лайық екенін жеткізді.
Ал Германия канцлері Шольц араша түсіп, Зеленский демократиялық жолмен билікке келген, халық таңдаған басшы екенін жеткізді.
«Соғыс кезінде сайлау өткізу мүмкін еместігі украин конституциясы мен
сайлау заңында айтылған. Оны ешкім жоққа шығара алмайды», – деді Шольц.
Чехия президенті де қалыс қалмай, Трампты арсыз деп атады.
«Қалайша 20% оккупацияланған қалалары соққыға ұшырап жатқан елде сайлау өткізу мүмкін? Үш жылдан бері көрші тұратын ядролық державаның басқыншылығынан қорғанып жатқан елде сайлау өткізу қаншалықты дұрыс? Жағдайы осындай елдің басшысын диктатор деп атау үшін қаншалықты арсыз болу керек?» – деп жазды чех басшысы Петр Павел.