Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамптың Қазақстанға енгізген баж салығы: Сыртқы істер министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

19:00, 22 сәуір 2025 728

Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстанға қатысты енгізген баж салығына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылғы 3 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі АҚШ тарапынан Қазақстан мен басқа да бірқатар елдерге салынған жаңа баж салығына байланысты ресми мәлімдеме жасап, үкіметтің ұстанымын таныстырған.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі сыртқы экономикалық жағдайды жіті қадағалап отыр. Қазақстан барлық мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат аясында, соның ішінде тарифтік реттеу бағытында шешім қабылдау құқығын құрметтейді. Сонымен қатар, АҚШ-пен арадағы сындарлы қарым-қатынасты сақтап отырмыз. Қос тарап та әріптестікті екіжақты және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді талқылайтын тұрақты әрі өзара тиімді диалог алаңы ретінде қарастырады. Әлемдік сауда үдерісіне ықпал етуі мүмкін жекелеген шешімдерге қарамастан, қазіргі уақытта бұл баж салығы екі ел арасындағы жалпы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізіп жатқан жоқ», – делінген СІМ-нің редакция сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа баж салығы Қазақстан экспортының небәрі 4,8 пайызына ғана әсер ететінін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар