Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төтенше жағдайдың алдын алудың маңызы зор

11:58, 26 қазан 2022 326
«Апат айтып келмейді» десек те, әрқашан төтеннен келетін төтенше жағдайлардың алу шараларының маңызы зор! Сондықтан еліміз төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесін, халық қауіпсіздігін басты орынға қойып, осы бағытта талай шаруа атқаруда.

Осы орайда айта кетер жайт, елімізде қыс келсе сарышұнақ аязы мен кейбір өңірлерде адам бойына жетер жетпес қар түсіп, жергілікті тұрғындарын боранымен әбіржітсе, көктем шыға жаңбыр суына қар суы қосылып еріп, су тасқыны қаупін арттырады. Ал жаз бен күз айларында орман, дала өрттері жиілеуі әдетке айналғалы бірнеше жыл болды.

Негізі елімізде төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қолға алынған болатын. Соның дәлелі 1993 жылы Елбасының табиғи және техногендік сипаттағы түрлі апаттардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулысы шықты. Аталмыш қаулыда «өнеркәсiп апаттары, табиғи зiлзаладан туындайтын төтенше жағдайларға жол бермеу және олардың зардаптарынан келетiн шығынды азайту мәселелерi мемлекеттiк саясат жүргiзудiң басым саласы» деп саналсын» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Демек төтенше жағдайдың алдын алу Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.
Осы жылдар ішінде біресе комитет біресе министрлік ретінде құрылымын өзгертіп отырған Төтенше жағдайлар қызметі бүгінгі күні ел өмірінде маңызды қызмет екенін дәлелдеп отыр.

Айта кетер жайт, заманға сай осы саладағы оң өзгерістің бірі зілзала болуы мүмкін кезде алдын ала, тауларда қауіпті жағдай орнап, қар құлауы немесе тұман түсуі секілді төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін кезде алдын ала ұялы байланыс құралы арқылы смс хабарлама жіберу сандық кезеңнің бір жетістігі деп қарауға болады. Жылдамдығы жоғары жел тұрса да алдын ала хабар беретін осынау қызметтің арқасында бүгінде көптеген төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін болып отыр. Осы орайда төтенше жағдай саласы заманға сай бейімделіп, заман жетістігін өз мүдделеріне тиімді пайдаланып отыр деп айта аламыз.

Ең бастысы алдын алу шараларының арқасында еліміздегі төтенше жағдайларды азайту мүмкін болып отыр. Төтенше жағдайлар қызметіне қойылатын талап та күшейіп, жауапкершілік артқаны да байқалуда. Сәйкесінше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Төтенше жағдай қызметін күшейту, олардың жалақысын арттыру, баспанамен қамтамасыз ету секілді мәселелерді күн тәртібіне қойып отыр. Демек алдағы уақытта еліміздің Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы нәтижелі бола бермек.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар