Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты айыптайтынын айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты өлтірмек болған оқ атқан адамның кім екені анықталды. Бұл туралы Massaget.kz New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Ол 20 жастағы америкалық Томас Мэттью Крукс болып шықты. Крукс штаттағы сайлаушылардың мәртебесі туралы жазбаларға сәйкес тіркелген республикалық болды.
Оны Құпия қызмет снайперлері өлтірді. Кейін оның жанынан AR стиліндегі мылтық табылды.
Неліктен Крукс республикашыл президенттікке үміткерге оқ жаудырғаны белгісіз.
New York Post газетінің мәліметінше, ФБР Круксты Трампқа жасалған шабуылға "қатысушы субъект" ретінде ресми түрде атаған.
SHOT Telegram арнасының мәліметінше, адамдар төбеде оқ атқан адамды қастандық жасамас бұрын да байқаған. Олар Құпия қызмет пен полицияға хабарлауға тырысқан, бірақ олар еленбеді. Мергеннің әрекеті анықталып жатыр.
АҚШ-тың бұрынғы президенті жараланып, құлағы зақымданған. Алайда Дональд Трамп тез қалыпқа келді. АҚШ президенттігіне кандидаттың көмекшісі оның Нью-Джерсиде ұшақтан түсіп бара жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады.
Америкалық әлеуметтік желілерде Трампты атқан снайпер деп танылған 20 жастағы Томас Мэттью Крукс оған және барлық республикашылға деген өшпенділік туралы айтатын видео таралып жатыр. Америкалық БАҚ бұл бейне Крукстың әлеуметтік желісінде шабуыл қарсаңында пайда болып, көп ұзамай жойылды деп хабарлайды.