Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Толқынысқа толы кездесу»: Америкадан туған қызын іздеген Наташа Қалымбетова жағымды жаңалығын айтты (ВИДЕО)

16:39, 27 қазан 2026

32 жыл бұрын ауылдастарының зорлығына ұшырап, кейін уақытша балалар үйіне өткізуге мәжбүр болған қызын іздеген Наташа Қалымбетова жақсы жаңалығын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Тағдырдың ауыр соққысын тартқан отандасымыз кезінде американдық отбасы асырап алған қызымен қауышып, ДНҚ сараптамасын тапсыру үшін мұхит асып барады. Ұшақ ішінде түскен видеосын бөліскен Наташа Қалымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Толқынысқа толы кездесу… Ал, кеттім! Алла жар болсын! Халқым қолдасын! Армандаған ойым орындалсын!» – деп ағынан жарылды.  

Естеріңізге сала кетейік, Наташа Қалымбетова жас кезінде басынан өткерген сұмдық оқиға туралы ашық айтып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Намысын таптағандардың жазалануын әрі 30 жылдан астам уақыт бойы көрмей кеткен бауыр еті – қызын тауып, туыстық қатынасты ДНҚ-тест арқылы дәлелдеуді мақсат еткен ол бұл сапарға ұзақ дайындалған.

Қазіргі таңда АҚШ-та тұратын қызымен байланыс орнатқан ол туған перзентімен қауышып, әділдікке қол жеткізу үшін бар күшін салуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар