Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тергеу жүріп жатыр”. Павлодарда тұрғын үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды

14:22, 18 мамыр 2025 302

Павлодар қаласында Махамбет Батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Azattyq Rýhy сайтының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Махамбет Батыр көшесіндегі №2 үйдің ауласында болған. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен тұрғындар ер адамның ес-түссіз жатқанын көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем мен полиция шақыртқан.

Бұл жағдайды Павлодар облыстық полиция департаменті растады.

«М.Батыр көшесі, 2-үй ауласынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар бойынша ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр»,– деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның суицид немесе басқа бір қылмыстық әрекет нәтижесі болған-болмағаны белгісіз. Тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар