«Қазақмыс» компаниялар Тобы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. 18 сәуірде компания қызметкерлері Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағына 150 түп ағаш отырғызды, деп жазады Alash.kz. 
Акцияны өткізу үшін компания көшет пен құнарлы топырақ жеткізді. Іс-шараға Топ кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар шұңқыр қазып, ағаш отырғызды және бастапқы суару жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта отырғызылған жасыл желекті күтіп-баптау жұмысын саябақ әкімшілігі қамтамасыз етеді.
Ағаш отырғызу «Қазақмыс» компаниясының өзіне қатысы бар өңірлердегі экологиялық жұмысының кезекті кезеңіне айналды. Компанияның өткен аптадағы экологиялық іс-шарасына 700-ге жуық жұмыскер қатысып, кәсіпорын аумағы мен қала алаңдарынан 95 тонна қоқыс шығарды.
Соңғы күндері компания қызметкерлері Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өндірістік нысандар мен аумақтарды тазалау үшін сенбілікке қатысты. Сонымен қатар Балқаш көлінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмысын ұйымдастырды.
Компания «Таза Қазақстан» акциясына жүйелі түрде қатысады. Экологиялық бастама, оның ішінде тұрақты өткізілетін «таза бейсенбі» іс-шарасы сәуір, мамыр айларында да жалғасады.
«Таза Қазақстан»: «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері Жезқазғанда 150 түп ағаш отырғызды
«Мектеп әкімшілігі шұғыл шағымданған»: Павлодарда екі оқушы қыздың зорланғаны расталды
16:57, 04 қараша 2026
«Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін...»: Министрлік маңызды бастаманы қолға алды
16:46, 04 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады – Нұрлыбек Нәлібаев
16:28, 04 қараша 2026
Қаралы хабар: Бар қазаққа белгілі ақын, журналист 60 жасында өмірден озды (ФОТО)
15:10, 04 қараша 2026
«Өз көзіммен көріп шықтым»: Нұрлыбек Нәлібаев автожолдардың құрылысы туралы айтты
14:54, 04 қараша 2026
Қаралы хабар: Астанада міндетін атқару барысында 35 жастағы полиция қаза тапты
14:22, 04 қараша 2026
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026