Мадридтік “Реал” клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен еуропалық маусымның қорытындысы бойынша “Алтын бутсы” Golden Boot) иегері болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Марапаттау рәсімі жұма күні өтті. Мбаппе Испания чемпионаты Ла Лига ойындарында 31 гол соққан. Есептеу коэффициенті бойынша (ірі чемпионаттағы әр голға — 2 ұпай) француз шабуылшысы 62 ұпай жинап, Еуропаның үздік бомбардирі атанды.
Екінші орында Португалия чемпионатында өнер көрсететін Виктор Дьекереш. Ол 39 гол соққанымен, коэффициенттің (1,5) төмен болуына байланысты 58,5 ұпаймен шектелді.
Корольдік клубтың сұрмергені бұл жетістігі туралы желідегі парақшасында қуана хабарлады (испан тілінен аударылған):
Менің алғашқы “Алтын бутсым”!
Еуропадағы үздік сұрмерген атану - мен үшін үлкен мәртебе.
Күн сайын өзімнің ең жақсы нұсқам болуға көмектескен барлық командаластарыма және “Реал Мадрид” жанкүйерлеріне үлкен алғыс айтамын. Сендерсіз бұл мүмкін болмас еді.
Сондай-ақ басынан бері маған зор қолдау мен сүйіспеншілік көрсеткен мадридистерге (Реал жанкүйерлеріне) ерекше рақмет!
Ертең Бернабеуде кездескенше!
¡HalaMadrid!