Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғардың тұрғындары: Алматыда көлік ағашқа соғылып, төрт адам көз жұмды

27 маусым 2024 2541
Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған, деп хабарлайды Alash.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болды. 

"Салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барі Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны екені белгілі болды", - деп хабарлады полициядан.

Төрт адамның өліміне әкеліп соққан апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Қайтыс болғандар 21-22 жастағы жігіттер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?