Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғардағы оқиға: Алматы облысы полиция департаменті басшысы қылмысқа қатысқандардың "жетеуі ғана күдікті екенін" айтты

09:46, 09 қазан 2024 29563

Алматы облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты тергеу барысын айтып, түсініктеме берді, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

Ол барлық күдіктілердің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын атап өтті. Тергеу барысы ішкі істер министрінің қатаң бақылауында,  ол іс бойынша жұмыс істеу үшін арнайы жедел тергеу тобын тағайындады.

"Қазіргі уақытта барлық жиналған дәлелдер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатыр. Жеті адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың  дәлелдері бойынша тексеру жүргізіледі. Олардың әрбіріне құқықтық баға беріледі", - деді Шалқаров.

Ол сондай-ақ марқұмның заңды өкілдеріне тергеу барысы туралы үнемі хабарланатынын мәлімдеді.


Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда бозбала пышақталды. Дүкенге барған клиенттердің бірі ақы төлеуден бас тартып, сатушымен дауласқан. 16 жастағы Шерзат әкесін қорғауға тырысып, жанжалға араласып, ағасымен бірге клиенттен кетуін өтінді.

Жанжал тудырушы достарын көмекке шақырып, дүкенге шамамен 15 адамнан тұратын үш көлік келген. Төбелес нәтижесінде Шерзат пышақталды алды. Жігіт ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліп, қаза тапты. Қазіргі уақытта жеті күдіктінің қамауға алынғаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар