Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғарда марқұм Шерзат Болаттың үйін Ұлттық гвардияшылар күзетіп жатыр

10:01, 14 қазан 2024 1862

13 қазанда қалаға қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ІІМ ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жеткізілді, деп жазады Alash.KZ. Бұл туралы ІІМ ұлттық ұланның баспасөз қызметі Талғардың бақылауда екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында ішкі істер министрлігі ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қорғау үшін патрульдік қызметті атқаруға тартылды Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?