Air Astana Дубайға рейстерді қайта жандандырады, деп жазады Alash.kz.
Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
"Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылайды және ұшу кестесін өзгертуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Дубайға 13-14 шілдеге жоспарланған рейстерді тоқтатқан болатын.