Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмарал Ерекешева Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

13:19, 13 шілде 2026

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп жазады Alash.kz.

Жекелей сында Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 13-орынға, доппен орындалатын жаттығуда 18-орынға, шығыршықпен орындалатын жаттығуда 15-орынға ие болды. Көпсайыс қорытындысында 11-орыннан көрінсе, ұршықтармен орындалатын жаттығуда тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Айбота Ертайқызы көпсайыста 32-орынға тұрақтады. Ол лентамен жаттығуда 12-орын, доппен жаттығуда 22-орын, шығыршықпен жаттығуда 35-орын, ал шоқпармен жаттығуда 63-орын алды.

Сондай-ақ Әлем кубогының бұл кезеңінде Қазақстан топтық жаттығуларда да өнер көрсетті. Көпсайыс нәтижесі бойынша ұлттық құрама 15-орынға тұрақтады. Бес доппен орындалған жаттығуда қазақстандық гимнастар 19-орынға ие болса, үш шығыршық және ұршықтармен орындалған жаттығуда 12-нәтиже көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар