ШҚО-дағы өрттен ерлі-зайыпты зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1948 жылы туған үй иесі өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден өз күшімен шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып, оқиға орнына келген дәрігерлердің барлық реанимациялық шарасына қарамастан қайтыс болған.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үй ішінен 1953 жылы туған әйелдің мәйітін тапты.
Өрт шамамен 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын толықтай сөндірілді. Қазір оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.