Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кімге қандай орын бұйырады?”: Әшімбаев пен Қошанов қандай қызметке тағайындалуы мүмкін?

14:05, 13 шілде 2026

Сенаттың экс-төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов қандай қызметке тағайындалуы мүмкін? Бұл сұраққа заңгер, Колумбия университетінің түлегі Нұрғазы Әнуарбеков жауап берді, деп жазады Alash.kz.

Сарапшының айтуынша, Әшімбаев пен Қошановтың мемлекетке сіңірген еңбегі бар.

– Қазақстанда кадр тапшылығы мәселесі бар екенін мойындау керек. Президенттің бұл азаматтарға саяси көзқарасы өзгере ме, сайлау нәтижесі қалай болады – уақыт көрсетеді, – деді Нұрғазы Әнуарбеков Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында.

Заңгер ықтимал екі сценарийді атады.

– Бірінші сценарий бойынша президент оларды белгілі бір қызметте қалдыруы мүмкін, өйткені шынымен мықты кадрлар. Екінші сценарий бойынша халықтың сенім кредитін алу үшін жаңа адамдарды, әсіресе жастарды көбірек тартуы мүмкін. Президент стратег қой, бәрінің мүмкіндігін таразылайды. Парламент біреу, оның бір ғана палатасы болады. Халық кеңесі де біреу. Кімге қандай орын бұйырарын сайлаудан кейін көреміз. Алдын ала тон пішуге болмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар