Алматы облысында жол жиегінен табылған сәбидің туыстары іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Алматы облысының Жамбыл ауданында бірнеше ай бұрын жол бойынан табылған қыз баланың жақындарын анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сәби 2025 жылдың 24 қазанында Алматы – Бішкек автожолының бойынан табылған. Оны жолмен өтіп бара жатқан тұрғындар байқап қалып, бірден полиция қызметкерлеріне хабарлаған.
Мамандардың алдын ала болжамынша, қыз бала табылған кезде жасы 7–8 ай шамасында болған. Оның үстінде ақ және қызғылт түсті жылы комбинезон, ал басында қызғылт түсті баскиім болған.
Бүгінде бүлдіршіннің ата-анасын немесе өзге де туыстарын анықтау мақсатында іздестіру шаралары жүргізілуде.