Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

19:01, 13 шілде 2026

Жаздың ең жарқын мәдени жобаларының бірі Almaty Summer Fest аясында алтыншы open-air концерті сәтті өтті. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан музыкалық кештер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалыстың сәнін келтіріп отыр, деп жазады Alash.kz. Жоба басталғалы бері өткен алты концертке 60 мыңнан астам көрермен қатысты. Ашық аспан астындағы сахнада Kalifarniya, Qanay, Бүркіт пен Айша, Жанболат пен Жазира, Елнұр Наурызбек, Ғаламат Бейсеқожа, Ернар Жұматаев, Aksunkar, Жұма Әбіл, Азамат Төрехан, Ердәулет Мұратұлы, Nurislam, JVSMIN, Dana Turar, Baymaman және DJ Akhmetoff өнер көрсетті. Концерт «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында өтіп жүр. Бұл орын бүгінде Алатау ауданының тұрғындары мен қала қонақтарын тоғыстыратын маңызды мәдени орталыққа айналып келеді.

Almaty Summer Fest жобасының басты мақсаты – қала тұрғындары мен туристерге қолжетімді әрі сапалы мәдени демалыс ұсыну, қазақстандық өнерпаздарды қолдау және Алматының мәдени өміріне тың серпін беру. Ашық аспан астындағы концерттер түрлі жастағы көрермендердің қызығушылығын арттырып, шаһардың  жазғы мәдени бағдарламасының айтулы дәстүріне айналып келеді. Жаз бойы танымал қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын концерт әр сенбі сайын жалғасады. Алматылықтар мен қала қонақтары алда әлі талай әсерлі әрі әуезді концертке куә болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар