Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал актер қаза тапты (ФОТО)

12:07, 13 шілде 2026

«Юра дәуірі саябағы» фильмінің жұлдызы Сэм Нилл өмірден өтті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Жаңа зеландиялық актер Сэм Нилл 78 жасында қайтыс болды.

Доктор Алан Грант рөлі арқылы әлемге танылған актердің дүйсенбі күні Сидней қаласында кенеттен көз жұмғанын оның отбасы хабарлады. Мәлімдемеде өлім себебі нақтыланбаған.

2023 жылы Сэм Нилл өзіне ангиоиммунобластикалық Т-жасушалы лимфома — Ходжкин емес лимфоманың сирек кездесетін түрі диагнозы қойылғанын жариялаған болатын.

Өнер иесі шығармашылық жолында 100-ден астам фильм мен телехикаяға түсті.

Оның ең танымал туындыларының қатарында «Юра дәуірі саябағы» (Jurassic Park), «Пианино», «Горизонт арғы жағында» (Event Horizon), «Жылқы сыбыршысы» (The Horse Whisperer), «Өткір қалпақтылар» (Peaky Blinders) және «Шапқыншылық» (Invasion) бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар