Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аса қатігездікпен: Анасы мен екі қызы өз үйлерінде өлі табылды

12:34, 13 шілде 2026

Ұлыбританияда анасы мен екі қызы өз үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Басылымның мәліметінше, 15 және 5 жастағы қыздардың ұзақ уақыт бойы сыртта көрінбегені туралы полицияға хабар түскен.

Осыдан кейін құқық қорғау органдары үйдің есігін ашып кіріп, әйел мен оның екі қызының мәйітін тапқан.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, отбасы аса қатыгездікпен өлтірілген. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Олардың қаза болуы ресми тергеудің аясында қаралып жатқандықтан, әзірге қосымша түсініктеме бере алмаймыз», – деп мәлімдеді полиция.

Іс бойынша басты күдікті ретінде марқұм әйелдің 45 жастағы жұбайы қарастырылып отыр. Тергеу мәліметіне сәйкес, ер адам Ұлыбританиядан Хитроу әуежайы арқылы Зимбабвеге британдық төлқұжатпен ұшып кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар