Димаш Құдайберген жанкүйерін құшақтап, елді тәнті етті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Катонқарағайда өткен Димаш Құдайбергеннің концертінен жүрек тебірентерлік сәт әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Концерт барысында көрермендердің арасында тұрған жанкүйер қыз сүйікті әншісін жақыннан көргенде толқуын жасыра алмай, көзіне жас алған.
Мұны байқаған Димаш сахнадан түсіп, қызға жақындап, оны құшақтап жұбатты.
Бұл әсерлі көрініс желі қолданушыларының ықыласына бөленіп, көпшілік өнер иесінің қарапайымдылығы мен жанкүйерлеріне деген ерекше құрметін жоғары бағалады.
Айта кетейік, Алтайдың сұлу табиғатында ұйымдастырылған концертке мыңдаған адам жиналып, кеш көрермендерге ерекше көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.