Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таяқ жедім, тілімнен таптым, таяққа лайық болдым: Жазира Байырбекова Жанболат өзін ұрғанын айтты

16:16, 19 ақпан 2025 845

Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде күйеуінен таяқ жегенін айтты,  деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Желіде әншінің 8 жыл бұрын «Ұят емес» бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді тарады.

«Ол заманда әйелді ұру мода болды ғой. Өтірік айтпай-ақ қояйын, 2-3 рет таяқ жедім. Көп емес. Өзім кінәлі болдым, сол таяққа лайықты болдым. Ерке болдым, бетімнен ешкім қақпаған еді. Жолдасыма қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім. Тілімнен таптым. Қазір ол тілді қалай жайғастыру керек екенін біліп алдық. Менің бұлай айтып отырған себебім, қазір ажырасулар өте көп. Бір келіншек маған қол жұмсады ғой, білесің бе деп құрбысына айтады. Бір ұрған еркек ұра беретін болады, құрсын ажырас дейді ол. Солай бір ұрғаны үшін ажырасып кетіп жатқандар бар. Ұрғанға шыдап жүре беру керек деп те айта алмаймын. Бірақ отбасы болған соң кез келген нәрсе болады деп айтқым келеді», — дейді ол бұрынғы сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар