Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұхбат алғаны үшін белсенді Думан Мұхаммедкәрім жеті жылға сотталды

16:38, 02 тамыз 2024 341

Сот Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Қоәнаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Судья "тағылған айыптардың бәрі дәлелденді" деді.

Бұған қоса үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды.

Бұған дейін прокурор соттан Думан Мұхаммедкәрімге 7 жыл жаза сұраған.

Журналистің өзі тағылған айыпқа келіспеді, ол істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналист Думан Мұхаммедкәрімді "саяси тұтқын" деп таныған. Ресми Астана елде "саяси тұтқын" да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.

 Іске журналистің шетелде тұратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Думан Мұхаммедкәрім сұхбат видеосында Әблязовтің есепшотын жариялады.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар