Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Қазақстандық мектеп оқушыларының суреттері бар порнографиялық парақша табылды

19:10, 11 ақпан 2025 256

Петропавлда мектеп оқушылары мен студенттердің ашық, ұятсыз суреттері жарияланған Telegram арнасы тарағаны айтылды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өткен аптада мессенджерлер арқылы 10 мыңға жуық жазылушысы бар бұл арнаның сілтемесі белсенді түрде таратыла бастады. Арнада Петропавлдағы түрлі мектеп оқушыларының аты-жөні мен олар туралы мәліметтермен қатар, ішімдік ішу, темекі шегу, заңсыз заттарды қолдану, жыныстық сипаттағы әрекеттерді қамтитын фотолар мен видеолар жарияланған. Кейбір материалдар порнографиялық сипатта екені айтылды. 

Топқа кіру барлық пайдаланушылар үшін ашық болған.  Ал арнаның иесі мектеп оқушылары туралы кез келген ақпаратты қабылдап, жариялап отырған. Полицейлер жағдайға назар аударғаннан кейін арна жабылды. 

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік желілерді бақылау барысында аталған Telegram арнасы анықталған. Осыған байланысты барлық мектептер мен колледждерде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Петропавл қалалық білім бөлімі полицияға ресми хат жолдап, арнаны жою және оны ұйымдастырған адамдарды жауапқа тарту бойынша шаралар қолға алынған.

Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Балалардың құқықтары мен абыройын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Олардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз," – деп хабарлады департамент өкілдері.

Ал ата-аналар балалардың психологиялық жағдайына алаңдаулы. Кибербуллинг құрбандары ғана емес, бұл мазмұнды көрген оқушылар да психологиялық соққы алған. Осыған байланысты білім басқармасы ата-аналарға балаларының интернетте қандай сайттар мен арналарға кіретінін мұқият бақылауды ұсынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар