Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Қазақстандық студенттер халықаралық білім чемпионатында жүлде жеңіп алды (ФОТО)

19:35, 16 желтоқсан 2025

Қазақстандық студенттер BRICS Skills Competition–2025 халықаралық чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қытайдың Шаоян қаласында өткен «2025 China Grand Final» аясындағы BRICS Skills Competition халықаралық чемпионатында Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды. Чемпионатқа Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда және Оңтүстік Африкадан барлығы 82 команда қатысты.

BRICS Skills Competition заманауи технологиялар мен цифрлық дағдыларды бағалайтын маңызды халықаралық алаң болып саналады. Қазақстандық команда техникалық дайындық деңгейінің жоғарылығы мен үйлесімді командалық жұмысының арқасында үздік нәтижеге қол жеткізді. BRICS-FS-16 / Интернет заттар (Internet of Things) бағыты бойынша өткен халықаралық финалда Қазақстан командасы қола медальге ие болды.

Білім министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директорының орынбасары Ақзира Қасымова бұл жетістікті «отандық білім беру ұйымдарының мамандарды халықаралық стандарттарға сай дайындайтынының нақты дәлелі» деп бағалады.

Жүлдегерлер қатарында Маңғыстау облысы Н. Бекбосынов атындағы Энергетикалық колледжінің студенттері Сүндет Баянов пен Ануар Рамазан болды, команда жетекшісі – Әділбай Жақсылық.

Халықаралық финалда қатысушылар «Интернет заттар» бағыты бойынша күрделі практикалық тапсырмаларды орындап, смарт-жүйелерді жобалау, бағдарламалау және интеграциялау саласындағы кәсіби дағдыларын көрсетті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар