Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші, Қазақ елі! Аймағамбетов қуанышты хабарын айтып, халықты серпілтіп тастады

20:46, 27 тамыз 2025 367

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

«Біздің болашақ дәрігеріміз қандай болу керек? Кеше Қарағандыда өткен дөңгелек үстелде Қазақстандағы дәрігер даярлау жүйесінің болашағы талқыланды. Денсаулық сақтау министрлігі НИМО моделінен бас тартып, қайтадан «бакалавриат 5 жыл+ интернатура 2 жыл» жүйесіне көшу бастамасын көтерді. Пікір қайнады. Бір тарап: «Интернатура болмаса, ауылдар мен емханалар дәрігерсіз қалады» десе, екіншілері: «Әлі шыңдалмаған, дайын емес түлекті халықтың денсаулығына жауапты ету – қауіпті» деп алаңдады. Алайда бұл дау кредит пен оқу жоспары жайлы емес. Бұл – болашаққа қатысты дау.

Ертеңгі дәрігеріміз кім болмақ? Ауылға барып алғашқы көмек көрсететін жас маман ба? Әлде резидентураны бітірген, шыңдалған, тар бейінді маман ба? Осы сауалдардың төңірегінде ректорлар, ғалымдар, сарапшылар мен денсаулық басқармаларының басшылары пікір алмасты. Мүмкін, дұрыс шешім «қара» немесе «ақ» таңдауда емес шығар.

Қазақстанға тәжірибеге де, ғылымға да, мамандандыруға да есік ашатын ақылды, көптректік жүйе қажет. Ең бастысы – барлық дауысты есту, тепе-теңдікті табу. Өйткені бұл тек білім жүйесі жайлы талқылау емес. Бұл – әрқайсымыздың денсаулығымыз жайлы әңгіме», – деп жазды Асхат Аймағамбетов

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар