Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Каратэден тұңғыш әлем чемпионы атанған қазақ қызы Каирдегі турнирде алтын медаль алды

14:00, 21 сәуір 2025 381

Каратэден тұңғыш әлем чемпионы атанған қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль еншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

ZTB.kz-тің хабарлауынша, спортшы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесіп, жекпе-жектің соңғы секундтарында шешуші ұпай жинап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай – Каратэ-до бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы (2013, 2017, 2018), әлем чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының финалисі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

13:37, 21 сәуір 2025 163