Дәрігерлерді қорғау мәселесі бойынша ҚР Мәжіліс Депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Депутаттар денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарсы физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік әрекеттері үшін жазаны күшейтуді көздейтін Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
«Екінші оқылымда дәрігерлерді қорғауға бағытталған заң жобасы қабылданды. Сіздер білесіздер, бұл тапсырма бойынша дәрігерлерді зорлық-зомбылықтан қорғау ісі қолға алынған еді. Сол негізде депутаттар заң жобасын әзірледі. Комитет отырыстарында қызу талқылау өтті», — деді Аймағамбетов.
Асхат Қанатұлының сөзінше, енді қорқыту мен зорлық-зомбылық фактілері бөлек қаралатын болады. Қорқыту фактісіне қатысты жазалар жеңілдетілген: мысалы, бірінші оқылымда 600 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы енді 300 сағатқа төмендетіледі.