Белгілі журналист әрі экс-сенатор Дана Нұржігіт өзінің өмірлік тәжірибесіне негізделген «Көлеңке» атты жаңа кітабын оқырман қауымға ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қуанышты жаңалығын сыртқа шығарған автор:
«Сүйінші! Кітабым дайын! Kaspi дүкенінен күтіңіздер!» — деп хабарлама қалдырды.
Бұл туындының жарыққа шығуына полиграфия саласының білікті маманы, кәсіпкер Жанар есімді құрбысы тікелей қолдау көрсеткен. Жаңа басылымның жоғары сапада әрі тартымды шығуы үшін олар қағаздың түсінен бастап, кітаптың салмағына, әріп көлемі мен қаріп жолдарының ыңғайлылығына дейін жіті назар аударған. Тіпті оқырмандарға арналған арнайы тосынсый да қарастырылған.
Жаңа еңбекке журналистің кезінде кешкен сталкинг (ізine түсу, артынан аңду) құрбаны болған ауыр кезеңі арқау болған. Бұған дейін аталған оқиғаны өзі үшін үлкен өмірлік мектепке балаған Дана Нұржігіт:
«Сталкинг сынақ та, сабақ та болды мен үшін. Сол арқылы есеюдің маңызды 3 кезеңінен өттім: 1. Айналамның бәрі кінәлі. 2. Бәріне МЕН кінәлі. 3. Ешкім кінәлі емес! Қабылдадым. Ризамын», — деді.