Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тамағына пышақ сұғып алған»: Алматыдағы көршілер жанжалы елді шошытты

12:25, 14 қазан 2026

Алматыда көлік тұрағындағы орын үшін болған көршілер арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға осы жылдың 4 қазанында кешкісін орын алған. Туыстары мен оқиғаға куә болғандардың айтуынша, 37 жастағы Данил Щетников пен оның көршісі арасында автотұраққа байланысты керіс басталып, соңы төбелеске ұласқан.

Жанжал өршіген сәтте қақтығысқа қатысушылардың бірі өзінің ағасына қоңырау шалып, көмекке шақыртқан. Төбелеске араласқан ер адам Данилдің мойын тұсына пышақ сұғып, ауыр жарақат келтірген. Дереу ауруханаға жеткізілген зардап шегуші дәрігерлердің ем-дом көрсеткеніне қарамастан, арада бір апта өткенде көз жұмды.

Тәртіп сақшылары да ер адамдар арасында алдымен ауызша сөз таласы болып, кейін жәбірленушіге өлімге әкеп соқтырған ауыр жарақат салынғанын растады. Қазiргi таңда осы қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Куәгерлер жанжал болған автотұрақта қазір үсті матамен жабылған жол талғамайтын көліктің тұрғанын хабарлайды. Қайғылы оқиғадан кейін ашуға бұлыққан тұлғалар аталған автокөлікке тас лақтырып, оның бүйірлік әйнегін сындырып кеткен.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алайда марқұмның жақындары бұл шешіммен келіспей, істі «Кісі өлу» бабына қайта саралауды талап етуде. Орын алған трагедияға қатысты түпкілікті құқықтық баға тергеу қорытындысы мен сот процесі барысында берілетін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар