Белгілі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен жан сырын бөлісіп, өмірлік ұстанымы мен басынан өткен кезеңдер туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі өзінің өткен өмірін жария етіп, оны киноға айналдырмағанымен, әркімнің өзіндік тарихы болатынын атап өтті. Ол өткеннің ауыртпалығымен өмір сүруден бас тартып, тек алға ұмтылуды және болашаққа сеніммен қарауды жөн көргенін жеткізді.
Өз жазбасында актриса сезімі мен алдағы күнге деген сенімі туралы былай деп ашық жазды:
«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім. Сол сенімімнің сыйындай болып, өміріме осындай ғажап күн келді. Сол күннің құрметіне маған ән арналды. Бұл ән – бүгінімнің бақыты. Бұл ән – жараланған жүректің зары емес, қайта бақытқа сенген жүректің жеңісі. Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін. Осындай әнге рақмет, Шампон!»