Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші, ағайын! Жәнібек Әлімханұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын жариялады

10:55, 30 қазан 2025 434
 
 
 

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Alash.KZ Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын бұл кездесу 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласындағы "Frost Bank Center" аренасында өтеді. Бұл айқас Premier Boxing Champions ұйымдастыратын PPV-шоуының екінші басты жекпе-жегі болмақ.

Кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч кездеседі.

Айта кетейік, Жәнібек пен Лара арасындағы жекпе-жек жеңімпазы орта салмақта бірден үш тұжырым бойынша әлем чемпионы атанады. Ал барлық белбеуді біріктіру үшін оған тек WBC титулын, яғни қазіргі чемпион Карлос Адамеске тиесілі белбеуді жеңіп алу қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар