Британдық беделді The Guardian басылымы 2008 жылы туған әлемнің ең үздік 60 жас футболшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл тізімге қазақстандық жас дарын – алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев енді. Сондай-ақ тізімде тбилисилік «Динамо» қорғаушысы Саба Харебашвили мен өзбекстандық «Бунёдкор» шабуылшысы Садриддин Хасанов бар.
Бұдан бөлек, рейтингке әлемдік алып клубтардың жас жұлдыздары да кірді. Мәселен, «Барселонадан» – жартылай қорғаушы Нико Гильен мен қаптал ойыншысы Тони Фернандес, «Боруссия Дортмундтан» – италиялық шабуылшы Самуэль Инасио, «Бавариядан» – шабуылшы Карл Леннарт, ал «Пари Сен-Жерменнен» (ПСЖ) – талантты жас ойыншы Ибрагим Мбайе аталды.