Таеквондодан (WT) U21 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
Найробиде (Кения) өткен жасөспірімдер арасындағы жаһандық додада Батырхан Төлеуғали 87 кг дейінгі салмақта қарсыластарын ойсырата жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Қазақ спортшысы турнир барысында төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда ирандық Мохаммад Ализадені сенімді түрде қапы қалдырды.
Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын және бір қола медальмен аяқтады.
Жүлдегерлер тізімі:
Батырхан Төлеуғали (-87 кг) – алтын
Бейбарыс Қаблан (+87 кг) – алтын
Тамерлан Тілеулес (-63 кг) – қола