Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ел алдында тез танымал болудың жолын іздеп, жылап-еңірейтін блогерді сынға алды, деп жазады Alash.kz.
Продюсер контент жасау үшін жалған дүниелер жасап, елді алдауға да дайын тұратындардың ісін мысал арқылы жеткізді.
Қазір өте көп блогерлер. Мысалға айтатын болсам, бір вилланы жалдап қояды да, бір айға тұрады. Сосын, соның ішінде бір жылға жететін сьемканы түсіреді. “Мен осылай қиындық көрдім” деп. Жылап, еңірейді. Өзінен “жертва” жасайды. Жұрттың бәрі аяушылықпен көп жылағанды көп аяйды да қазақтар. Одан кейін, шыңға шыққанның аяғынан тартады.