Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Биліктен бас тартып, отставкаға кетуге келісті, бірақ…”: Шұғыл! Трамп телефон арқылы кіммен сөйлесті?

18:48, 05 желтоқсан 2025

21 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Венесуэла президенті Николас Мадуро телефон арқылы не туралы сөйлескені белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

The Telegraph басылымының жазуынша, Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Дональд Трамптан биліктен бас тарту шарты ретінде 200 миллион доллар көлеміндегі жеке активтерін сақтап қалуға және үшінші елден баспана беруге рұқсат сұраған. 

Reuters дерегінше, Николас Мадуро Дональд Трамқа Венесуэладан кетуге дайын екенін, бірақ өзі және отбасы толық амнистия алуы тиіс екенін айтқан. Бұл амнистияға АҚШ-тың барлық санкцияларын алып тастау және Халықаралық қылмыстық соттағы істі жабу да кіреді.

Бұдан бөлек, Венесуэла басшысы АҚШ-та адам құқықтарын бұзу, есірткі саудасы және жемқорлық бойынша айып тағылған елдің 100-ден астам шенеунігіне салынған санкцияларды да жоюды талап еткен.

Сондай-ақ ол дереккөздердің айтуынша, жаңа сайлау алдында уақытша үкіметті вице-президент Делси Родригес басқаруын ұсынған.

Мадуро өзі мен айналасындағыларға қауіпсіздік кепілдігін сұраған. Мадуро өзін Латын Америкасы аумағында қалуды сұраған. Ал Трамп Мадуроға босып кету үшін Қытай мен Ресейді ұсынған.

Агенттіктің жазуынша, 15 минуттан аз уақытқа созылған әңгіме барысында АҚШ президенті Николас Мадуроның талабын қабылдамай,   оған отбасы мүшелерімен бірге Венесуэладан қауіпсіз шығу үшін бір апта уақыт бар екенін ескерткен.

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, бұл мерзім 28 қарашада аяқталған. Мадуро елден кетпеген, нәтижесінде Дональд Трамп АҚШ Венесуэла әуе кеңістігін жабатынын мәлімдеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар