Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“14 жасар өгей қызын қорлап келген” - Белгілі кәсіпкер-депутатқа қатысты жаға ұстатарлық ақпарат белгілі болды

14:46, 06 желтоқсан 2025

Лисаковск қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін жергілікті депутат әрі белгілі кәсіпкерге А.Д.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz. 
Іс материалдары толықтай жабық режимде қаралғандықтан, тергеу мен соттағы жай-жапсар жария етілмеген. Үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталған адамның аты-жөнін ашуға тыйым салынған.

Жәбірленуші - 14 жастағы қыз және оның заңды өкілі болып саналатын анасы. Бұл - А.Д.-ның екінші некесі, ал қызды ол ресми түрде асырап алған.

Қылмыс туралы ақпарат наурыз айында белгілі болып, қала тұрғындарын дүр сілкіндірген еді. Айып тағылған азамат өңірге танымал кәсіпкер, алкоголь өнімдерін өндіретін кәсіпорынның бас директоры болған. Сонымен қатар, ол қала мәслихатының депутаты қызметін атқарып, спорттық-сауықтыру саласы мен ауылшаруашылық техникасын жөндеу бағытында бизнес жүргізген. Қайырымдылықпен де жиі айналысып, мешіт құрылысына қаржы бөліп, әлеуметтік осал отбасыларға көмектесіп келгені айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар