Жаһан Отарғалиевпен ажырасып, өнерге қайта оралған әнші Балжан Бидаш өзінің әлеуметтік парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Миссиямды, мамандығымды, сүйікті ісімді жалғастырып келе жатқаныма өте қуаныштымын! Бұл мені жарқыратады, бақытты етеді. Жақында шығатын әнім сіздерге ұнайтын сияқты. Қайырмасының бір бөлігін тыңдап көріңіздер, бұл әлі демо”,- деп жазды әнші.