28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.