Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ставка тікпеңіздер! Маған әр қазақ қымбат”: Жәнібек Әлімханұлы отандастарына шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

20:01, 01 желтоқсан 2025 254

Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында жазба жариялап, жастарды ставка қоюдан аулақ болуға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) өтетін Эрисланди Ларамен айқас алдында боксшы отандастарын құмар ойындарға әуестенбеуге шақырды.

«Ставка тікпеңіздер деп айтамын! Жекпе-жек жақындап келе жатыр. Осындай кезде көп букмекерлер жұмыс істейді. Ставка деген жаман нәрсе. Жаман нәрсеге жоламай-ақ қойған дұрыс. Ставка қаншама отбасының, туған туысқандардың арасына жамандық салып, берекесін қашырып жатыр.

Маған жанкүйер отбасылар көп. Менде сондай отбасыларға алаңдаймын. Жастарға айтарым, мұндай жаман әрекеттерге бармаңыздар. Берекелеріңізді қашырады. Отбасыларыңызды бұзады. Азғырасыздар. Кейінгі болашақтағы өміріңізге үлкен зияны тиеді. Ставкасыз да жанкүйер болуға болады. Тілеулес болуға болады. Қолдау көрсетуге болады. Өз қазағымызға, Қазақ еліндегі азаматтарға алаңдаймын. Осындай жаман нәрсенің арқасында үйіндегі берекесі қашып жатыр. Бір-бірімен ұрыс-керіс болып жатыр. Отбасыларында әке мен бала ұрыспаса екен дейміз. Туған туысқандардың арасында жаманшылық болмаса екен дейміз. Сондықтан да осы жаман нәрсеге жоламағандарыңыз абзал.

Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!», – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар