Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Спорт министрі болып отырған адамдардың спортқа мүлде қатысы жоқ": Зілтемірші Алмас Өтеш спортты басқарып отырған шенеуніктерді сынады

18:38, 04 тамыз 2024 445
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында бүгінде спорт саласын басқарып отырғандарды сынға алды, - деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, спортты марқұм Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов секілді азаматтар басқарғаны жөн.

"Қазір спорт саласын басқарып отырғандар спортқа дым қатысы жоқ адамдар, спорттың тағдырын дым түсінбейтін адамдар. Елімді жамандамаймын. Дәулет Тұрлыхановтарды спортқа қайта алып келу керек. Спорт саласын сол кісілер жүргізуі қажет. Билікте Спорт министрі болып отырған адамдардың спортқа мүлде қатысы жоқ. Қалай ол? Марқұм Жақсылық Үшкемпіров көкемізді, Дәулет Тұрлыхановтарды спортқа мүлде жақындатып отырған жоқ. Неге? Мен түсінбеймін", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?