Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сорбұлақтағы тікұшақ трагедиясы: екінші мәйіт табылды

14:28, 10 тамыз 2025 223

16 күн бұрын болған тікұшақ апатынан жоғалғандардан тағы бір суық хабар жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы маңында апатқа ұшыраған EC-145 тікұшағын іздестіру жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар су астынан екінші адамның денесін тауып, жағаға шығарды. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау және тиісті сараптамалар жүргізу үшін құзырлы органдар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тікұшақ апаты кезінде экипаж бен жолаушылардың аман қалу мүмкіндігі туралы ақпарат әлі де нақтыланып жатыр.

Сорбұлақтың тереңдігі 5 метрден 25 метрге дейін жетеді. Су лай болғандықтан іздеу жұмыстары да баяу жүріп жатыр. Сорбұлақ – не өзен, не көл емес. Техногенді сарқынды су қоймасы. Алматының кәріз жүйесінен келетін лас су осы жерге жиналады.

Еске салсақ, Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы маңында 25 шілдеде радардан жоғалып кеткен еді. Күні кеше Сорбұлақ табанынан бір адамның денесі табылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар