"Соңғы рет "Орбита" ықшам ауданында болған" - Сиқымбаеваның жоғалған ұлы туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)
18:01, 03 сәуір 2026
Ulysmedia.kz коллажы
«Бармысың, бауырым?» радиохабарының спикері — Ұлжан Шәріпбекова күйеуі Баир Сихымбаевқа іздеу жариялады деп жазады Alash.KZ.
Журналист Қымбат Досжанға берген сұхбатта хабар-ошарсыз кеткен жанның үй сатуды жоспарлап жүргені айтылды, сонымен қатар, «алаяқтардың құрбаны болған жоқ па екен?..» деген де күдік бар.
"Әдетте бір екі күн хабарсыз кетсе "мен осындамын" деп хабарласатын. Қазір тоғыз күннен асты, не хабар, не хат жоқ, полиция қызметкерлері де білмейді. Полиция қызметкерлері де "Соңғы рет "Орбита" ықшам ауданында болған, сол жерде телефоны өшкен" деп айтты маған. Содан бері іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр деп хабарлады маған" дейді жұбайы радиохабарға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Баир Сиқымбаев – танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы.