Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақмыс Жамбыл облысының дамуына инвестиция салады

17:48, 03 сәуір 2026

Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында заманауи, жылдам салынатын модульдік спорт залдары пайдалануға берілді. Жоба Қазақмыс корпорациясы ЖШС қолдауымен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және облыс әкімдігі арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды деп жазады Alash.KZ.

Құрылысқа бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 346 млн теңгені құрады. Жаңа нысандар жыл бойы пайдалануға арналған және күн сайын 100-ге жуық адамға спорпен айналысуға мүмкіндік береді.



Спорт залдары футбол, волейбол және баскетбол сияқты командалық спорт түрлерімен айналысуға лайықталып жасалған. Олардың ашылуы 40 мыңнан астам тұрғыны бар Шу қаласында спорттық инфрақұрылымның тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Бірлік ауылының тұрғындарына (шамамен 5 мың адам) қыс мезгілінде де спортпен айналысу үшін жағдай жасайды. Мұнда балалар мен жасөспірімдер, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін нысандардың қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінген.



Нысандардың ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері, өңір жұртшылығы мен спорт ардагерлері қатысты.



Жобаны іске асыру «Қазақмыстың» өзіне қатысы бар өңірлерді дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі саналады. Жамбыл облысында бұл жұмыс Шу ауданы әкімдігімен жасасқан өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында жүргізіліп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, елді мекендерді абаттандыру мен халықты қолдауды қамтиды.

2023 жылдан бері өңірдегі әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 1,7 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда спорт және балалар алаңдарын салу, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау бағытындағы жобалар іске асырылды. Спорт және білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар