Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"100 мың теңге салып жіберем" - Ақтөбеде концерт кезінде Мақпал Жүнісова жомарттық көрсетті (ВИДЕО)

12:01, 03 сәуір 2026

Қазақстанның “Халық әртісі” Мақпал Жүнісова Ақтөбеде өткен шығармашылық концертінде көрермендерді тек әнімен емес, кең пейілімен де тәнті етті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Cөйтіп, 90 жастағы әжейдің арманы орындалды. Концерт үстінде бір әжейдің туған күні екені белгілі болды, ол кісі 90 жасқа толған екен.

Мақпал Жүнісова сахнада тұрып туған күн иесіне 100 000 теңге сыйлап, оны Kaspi арқылы бірден аударып жіберді.

Зал әншіге қошемет көрсетті. Бұл сәт барша ақтөбелік көрермендерді толқытты. Зал ду қол шапалақ соғып әншіге құрмет көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар