Молдова парламенті елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы-нан (ТМД) шығуына қатысты шешімді қолдап дауыс берді. Осылайша республика 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минск қаласында қол қойылған ТМД-ны құру туралы келісімнен ресми түрде шығып, 1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған ұйым жарғысының күшін жояды, деп жазады Alash.KZ.
Заң жобасына берілген түсіндірме жазбада ТМД құру туралы келісімде көрсетілген мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеу және шекаралардың мызғымастығы қағидаттары сақталмай отырғаны айтылған. Құжат авторлары бұл талаптарды Ресей бұзып отырғанын атап өткен.
Атап айтқанда, түсіндірме жазбада Ресейдің Грузия-ға қарсы әрекеттері, Украина-дағы соғыс, сондай-ақ осы елдердің аумақтарын оккупациялау және аннексиялау фактілері мысал ретінде келтірілген. Сонымен қатар құжатта Молдова аумағында ресейлік әскердің заңсыз орналасуы да көрсетілген.
Бұған дейін Молдова билігі ТМД аясындағы бірқатар келісімдерден кезең-кезеңімен шығып жатқанын мәлімдеген болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам елдің сыртқы саяси бағытының өзгеріп, еуропалық интеграцияға басымдық беруімен байланысты.