Белгілі журналист Руслан Өтепбай осыдан жеті жыл бұрын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында тағдыры талқыланған Қапиза Шумаеваның отбасылық мәселесі қайтадан күн тәртібіне шыққанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Өз уақытында үш баласын бөтеннің қамқорлығына беруге мәжбүр болған ана бүгінде қыздарын бауырына қайтару үшін күресіп жатыр. Қамқоршы болған тұлғаның балаға қол көтеруіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, шындықтың жаңа беттері ашыла бастады. Қазіргі таңда анаға заңдық көмек көрсетіліп, балалардың туған ұясына оралу мүмкіндігі қарастырылуда.
Осыдан тура 7 жыл бұрын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Қапиза Шумаева өз тағдырын бүкіл елге жайып салған еді. Сол кезде ол үш бірдей баласын Зүлфия Төленованың қамқорлығына беруге мәжбүр болған.
Алайда уақыт өте шындықтың екінші беті ашылды...
Таяуда Төленова сол балалардың біріне қол көтеріп, арты қылмыстық іске ұласты.
Қазір Қапизаның екі қызы Тараз қаласындағы бейімдеу орталығында. Ал тұңғыш ұлы Борис кәмелетке толғандықтан, анасының жанында.
Қапиза өткен қателігін түсініп, өмірін жаңадан бастауға бел буған. Оның жалғыз арманы — екі қызын өз бауырына қайтару.
«Балалар жетімдер үйінде емес, туған анасымен өсуі керек», - дейді ол.
Енді басты сұрақ:
Сот анаға екінші мүмкіндік бере ме?