Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды

15:51, 03 сәуір 2026

Алматыда жол апаттарының алдын алу мақсатында өткен «Стоп – бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық нәтижелері жарияланды, деп жазады Alash.KZ.

Алғашқы екі күннің өзінде 4 828 жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Оның ішінде:

жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару – 44 жағдай;

куәлігінен айырылғандардың қайта рульге отыруы – 8 факт;

жалған нөмір қолдану – 8 дерек;

қарсы бағытқа шығу – 15 жағдай.

Тексеру қорытындысы бойынша 2 мыңнан астам автокөлік айыптұраққа қойылды. Олардың қатарында шетелдік нөмірлі көліктер де бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар