Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылықтарды таспен ұрған қайыршылар елден шығарылады (ВИДЕО)

10:25, 03 сәуір 2026
 

Алматы қаласының полициясы соңғы уақытта қала көшелерінде тұрғындарға қоқан-лоқы көрсетіп, мазасын алған қайыршылар тобын анықтап ұстады деп жазады Alash.KZ.

Әлеуметтік желілерде Алматының орталық көшелері мен саябақтарында, әсіресе, 28 панфиловшылар саябағында жүрген қыздардың үстінен шағым айтқандар көбейген еді. Тұрғындардың сөзінше, олар тек ақша сұрап қана қоймай, агрессия танытып, жұрттың зәресін алған.

Жәбірленушілердің айтуынша, бұл топтың әрекеті қайыр тілеудің шеңберінен шығып кеткен. Өтіп бара жатқан адамдардың заттарына жармасып, тартып алуға тырысқан. Ақша бермегендерге су шашып, тас лақтырған. Дәмханаларда отырған қонақтардың сөмкелерін жұлып алып қашуға оқталған. Тіпті, кішкентай балалар мен әйелдерге қол көтеріп, соққыға жыққан жағдайлар тіркелген.

Желіде тараған бейнежазбалар мен тұрғындардың арызынан кейін, Алматы қалалық Полиция департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде, заңға қайшы әрекеттерімен көзге түскен қыздар полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Анықталғандай, жасөспірімдер Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты.

«Барлық кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы шеңберінде ел аумағынан шығару шаралары қабылданып жатыр.

Қала тұрғындары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Желі қолданушыларының пікірінше, мұндай агрессивті әрекеттер қала қонақтары мен туристер алдында Алматының беделіне нұқсан келтіріп, қауіпсіздік сезімін төмендетеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар