Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы соңғы қоңырау күнінің өзгергенін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Ведомствоның мәліметінше, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.
Былтырғыдай, 23 мамыр – оқу жылының соңғы күнінде – еліміздің барлық мектебінде «Білімім – Отанымa» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл білім беру жүйесі үшін маңызды шара – оқушылар мен ұстаздарға бірлескен еңбектерін қорытындылауға, бір-біріне алғыс айтуға, өткен оқу жылындағы ең елеулі сәттерді еске алуға мүмкіндік береді.
Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шаралар 23 немесе 24 мамырда – мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша өтеді.
Соңғы қоңырау уақыты тағы ауысты
“Ең жасы – 16-да”: Павлодар облысында кәріз құдығына түскен алты адам қаза тапты
16:22, 20 шілде 2026
Алматы – Чунцин: Қытайдың ірі мегаполисі саналатын қалаға жаңа әуе рейсі ашылады
16:05, 20 шілде 2026
“5 алтын медаль”: Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды
14:31, 20 шілде 2026
«Балаларды өлтіремін» деп қорқытқан: Ақтауда әйеліне шабуылдаған ер адам тұтқындалды
12:03, 19 шілде 2026
«Екі аяғынан айырылды». Оқыс оқиға: Алакөлде 69 жастағы қарт әйел ауыр зардап шекті
10:34, 19 шілде 2026