Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шынар Мұқтарова ешқандай сұраққа жауап бермейді - адвокат

13:25, 11 қазан 2023 240


Астанада "Опертор РОП" компаниясының ресми экс-құрылтайшысы — Шынар Мұқтарованың ісі бойынша алдын-ала тыңдау өтті. Тергеу оны компанияның бұрынғы бас директоры, түрмеде отырған Светлана Коротенкомен бірге 920 миллион теңге ұрлады деп есептейді. Тыңдауға сотталушы сот алдында өзін сабырлы ұстаған.



Мұқтарова деген кім




Шынар Мұқтарова - "Оператор РОП" компаниясының ресми құрылтайшысы. Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған іздеу жариялаған, шілде айында ол БАӘ-де ұсталды және Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір Мұқтарова екі қылмыстық бап – 28-баптың 3-бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айыпталып отыр.

"Оператор РОП" ісінің қалған қатысушылары сотталды. Сот процесінде олар Мұқтарованың тұңғыш президенттің кіші қызының үй қызметкері, ал компанияны Әлия Назарбаева жеке өзі басқарғанын мәлімдеген болатын.



Біз үнсіздік сақтаймыз

Ulysmedia.kz тілшісі сотталушымен сөйлесуге және оның Назарбаеваның үйінде жұмыс істеген-істемегенін анықтауға тырысты, бірақ адвокаттар Мұқтарова ешқандай сұраққа жауап бермейтінін, журналистермен де, тергеушілермен де тілдеспейтінін айтты.
 - Ол сұхбат бермейді. Біз бастапқыда бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына, тергеу мен сот сұрақтарына жауап бермейміз деген ұстанымды қабылдадық. Біз (адвокаттар-ред.) үнсіз қалмаймыз, бірақ тергеу сатысында үнсіз қалу – оның қылмыстық іс жүргізу кодексі шеңберіндегі құқығы, - деді қорғаушылар.

Өтініштер: қорғау тарапы соттан не сұрады

Мұқтарованың мүддесін екі адвокат – Юлия Малюкова мен Ернар Қошанов қорғайды. Олар бастапқыда қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдіргісі келетіндерін хабарлады, бірақ кеше Мұқтаровамен сөйлесіп, өз ойларын өзгерткен. Олар негізгі сот талқылауы басталған кезде процестік келісім жасау туралы өтініш білдіруді жөн көріпті.

Бүгін олар соттан:

* Журналистерге Мұқтарова мен оның отбасы мүшелерін сот залында суретке түсіруге тыйым салуды;

* Бұлтартпау шарасын өзгерту, атап айтқанда, оны қамаудан босатуды сұрады.

Екінші өтініш туралы айта келе, Қошанов Мұқтарова іздеуде болған және Дубайда тұрған уақытта ем қабылдағанын айтты.
- БАӘ-де Мұқтароваға операция жасалды, қазіргі уақытта оған арнайы медициналық ұйымдарда қайта медициналық тексеру жүргізу қажет. Біз соттан бұлтартпау шарасын бас бостандығынан айырумен байланысты болмайтын шараға өзгертуді сұраймыз, - деді ол.

Кейінірек судья кеңесу бөлмесіне кетіп, БАҚ-қа қатысты алғашқы өтінішті ғана қанағаттандыру туралы шешіммен оралды. Ал Мұқтарованың бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартты, сондықтан егер сотталушы құқық қорғау органдарынан қашып кетсе, соттан да "қашып кете"алады деп болжауға негіз бар.
- Мұқтароваға қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру, қылмыстық істі сотта мәні бойынша қарауға дейін ұзарту. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, ірі көлемде өтелмеген залал, сонымен қатар сотталушының қылмыстық сотқа дейінгі тергеу органдарынан қашып кеткені ескерілді, - деді судья.

Негізгі сот талқылауы 20 қазанға белгіленді. Ulysmedia.kz бұл шулы істің әрі қарай қалай өрбитінін бақылауда ұстайтын болады.

Еске салайық, компанияның басқа қызметкерлеріне шілдеде сот үкімі шыққан. 22 қыркүйекте Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Оператор РОП" ісін тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

Тергеушілер "Оператор РОП" қызметкерлері артық шығындарды инвестициялық саясат бағдарламасына негізсіз қосқан деп санайды. Оның ішінде, Әлия Назарбаеваның компаниясы осы зауыттарға жұмсауды жоспарлаған 180 млрд теңгенің тағдыры дәл сондай болған. Прокурордың пайымынша, "ӨКМ Операторының" инвестициялық жобаларын "өткізіп жіберген" Пірімқұлов қылмыс жасауға жол ашқан.

Сотталушылар "Оператор РОП" компаниясының нағыз иесін – Әлия Назарбаеваны жазалауды сұраған. Алайда ол сотқа шақырылған жоқ.

Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы Назарбаеваны жауапқа тарту мәселесіне қатысты түсініктеме берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар